Биохимия пәні бойынша олимпиада

Биохимия пәні бойынша олимпиада

Мамыр айының 24-ші жұлдызында м.ғ.д., профессор С.О. Тапбергенов атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен, жалпы медицина 2-курс студенттерінің арасында биохимия пәні бойынша олимпиада өткізілді. Олимпиаданың мақсаты – студенттердің биохимия пәніне деген ғылыми, шығармашылық қызығушылықтарын арттыру, дарынды студенттерді анықтау әрі білімдерін шыңдау.
Білім сайысы 4 кезеңге бөлінді:1кезең – тестілеу, 2- кезең – топтық викторина, 3 кезең – ситуациялық есептер, 4 кезең – химиялық реакциялар, формулалар бойынша тапсырмалар.
Қатысушыларға кафедра меңгерушісі Смаилова Ж.К., оқытушылар Сыдықова Қ.Т., Муртазина Д.Д. әділ бағасын берді.
Олимпиадада барлық қатысушылар белсенділік танытып, жақсы нәтижелер көрсетті. Сайыс қорытындысы бойынша 1-орын 2102 ЖМ Әшірбай Бекжанға, 2-орын 2113 ЖМ Бакир Баянға, 3-орын 2310 ЖМ Жүнісхан Ықыласқа берілды.
Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіре отырып, шығармашылық, ғылыми жетістіктер тілейміз!