ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ – ӨТКЕНГЕ ТАҒЗЫМ

27 маусым күні 1501, 1502, 1503 шетел топтары студенттерімен «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты ақпараттық іс-шара өтті. Іс-шара барысында топ кураторы аталған тақырып бойынша баяндама жасап, маңызды мәселелер бойынша ақпарат берді. Қазақстанда 1997 жылдан бері жыл сайын Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні аталып келеді. Қуғын-сүргінге ұшырағандарды ақтау шаралары әлі де жалғасуда. Зұлмат жылдарындағы орасан зор адам шығыны мен тағдыр тауқыметі әрбір азаматтың жүрегіне жара салды. Бұл шара – жазықсыз жапа шегіп, қазақты егеменді ел етеміз деп еркіндікке ұмтылған ерлердің  алдындағы борышты өтеуге, парызды ақтауға арналған іс-шара.

Білім алушылар аталған тақырып бойынша қызығушылық білдірді. Топ студенттері атаулы бағыттардағы тәрбие сағаттарының тек ғана жергілікті қазақ топтары студенттері үшін ғана емес, сондай-ақ шетел студенттері үшін де маңызды екенін атап өтті.

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар