4-5 курс студенттерімен кездесу

4-5 курс студенттерімен кездесу

27 мамырда «Семей медицина университеті» КеАҚ Басқарма Төрағасы – Ректор, м.ғ. д., профессор Алтай Дюсупов жоо-ның 4-5 курс студенттерімен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесу барысында білім алушылардың білім сапасын арттыруға, студенттердің ғылыми қызметін жандандыруға, жан-жақты шығармашылық дамуға, сондай-ақ түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуге бағытталған бірқатар өзекті мәселелер талқыланды.

Кездесуді ашқан Алтай Дюсупов өзінің алғы сөзінде алдағы тарихи оқиға – конституциялық реформалар бойынша Республикалық референдумның маңыздылығын атап өтіп, студенттерді өздерінің белсенді азаматтық ұстанымын көрсетуге шақырды.

«Құрметті студенттер, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы еліміздің бас Заңына бірқатар түзетулер енгізуге бастамашы болды. Осы түзетулердің барлығы елдегі аса маңызды демократиялық өзгерістерді іске асыруға мүмкіндік береді. Мен сіздердің әрқайсыларыңыз референдум өтетін күні өздерінің азаматтық ұстанымын танытып, өз пікірлерін білдіретініне сенімдімін. Біздің еліміздің болашағы осы шешімге байланысты және біздің әрқайсымыз алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін Президентіміздің айналасына топтасуымыз керек», – деді Алтай Ахметқалиұлы.

Кездесуді жалғастыра отырып, жоо ректоры университеттің стратегиялық даму жоспарын атап өтіп, алдағы жылдарға арналған басты басымдықтарды, мақсаттар мен міндеттерді белгіледі. Бұл жерде бірінші кезекте бәсекеге қабілетті және білікті мамандарды даярлау – студенттердің білім сапасы болып табылады.

«Біздің білім беру іс-әрекетімізде біз сіздерге тек теориялық қана емес, практикалық та ең жақсы білім беруге тырысамыз. Біз сіздердің ең озық білім беру бағдарламалары бойынша оқуларыңыз үшін, біздің клиникалық базаларымызда ғана емес, сондай-ақ емделушіге әрдайым қол жеткізу үшін өңірдің үздік клиникаларында практикалық тәжірибе алу мүмкіндіктеріңіз болуы үшін барлық жағдайларды жасауға ұмтыламыз. Осы жағдайлардың барлығын жасай отырып, біз қайтарымды және сіздердің тарапыңыздан оқуға, жаңа білімге деген ұмтылысты күтеміз, – деді Алтай Ахметқалиұлы студенттерге.

Тиімді білім беру, ғылыми және клиникалық қызмет үшін жоғары оқу орнының студенттері мен қызметкерлеріне қолайлы жағдай жасау да маңызды міндет болып табылады. Осыған байланысты жоо-да материалдық-техникалық базаны, инфрақұрылымды нығайту, студенттердің тұруына, бос уақытына қолайлы жағдай жасау үшін қажетті шаралар қабылдануда.

Кездесудің екінші жартысында студенттер жоо ректорына тікелей сұрақтар қоюға, проблемалар туралы айтуға, оқу процесін одан әрі жетілдіру бойынша өз пікірлері мен ұсыныстарымен бөлісуге мүмкіндік алды, Алтай Дюсупов атап өткендей, студенттердің бір де бір өтініші назардан тыс қалмайды – әрбір сұрау мұқият зерделенеді, білім алушылардың барлық пікірлері ескерілетін болады.

Сондай-ақ, жоо ректоры Академиялық адалдық болып табылатын жоо-ның басты қағидалары туралы еске салды.

«Қазір сессия өтіп жатыр, және сіздердің әрқайсыңыз тек өз біліміңізге сүйене отырып, оны «таза» өтеді деп үміттенемін. Мен басқа мамандықтарды төмендетуді қаламаймын, бірақ медицинада Академиялық адалдық өте маңызды. Сіздерге адамдардың өмірі мен денсаулығы сеніп тапсырылады, сондықтан білім сапасы – бұл басымдық», – деп атап өтті кездесуді қорытындылай келе Алтай Ахметқалиұлы.[vc_row dt_title=”” mode=”grid” responsiveness=”browser_width_based” bwb_columns=”desktop:3|h_tablet:2|v_tablet:2|phone:1″ pwb_column_min_width=”” pwb_columns=”” gap_between_posts=”5px” loading_effect=”fade_in” image_sizing=”resize” resized_image_dimensions=”3×2″ image_border_radius=”0px” image_decoration=”none” shadow_h_length=”0px” shadow_v_length=”4px” shadow_blur_radius=”12px” shadow_spread=”3px” shadow_color=”rgba(0,0,0,0.25)” image_scale_animation_on_hover=”slow_scale” image_hover_bg_color=”default” custom_rollover_bg_color=”rgba(0,0,0,0.5)” custom_rollover_bg_gradient=”45deg|rgba(12,239,154,0.8) 0%|rgba(0,108,220,0.8) 50%|rgba(184,38,220,0.8) 100%” hover_animation=”fade” show_zoom=”y” gallery_image_zoom_icon=”icomoon-the7-font-the7-zoom-06″ project_icon_size=”32px” project_icon_color=”#ffffff” project_icon_bg_size=”44px” project_icon_bg=”n” project_icon_bg_color=”rgba(255,255,255,0.3)” project_icon_border_radius=”100px” project_icon_border_width=”0px” project_icon_border_color=”” loading_mode=”disabled” jsp_posts_per_page=”” jsp_show_all_pages=”n” jsp_gap_before_pagination=”” jsm_posts_per_page=”” jsm_gap_before_pagination=”” jsl_posts_per_page=”” navigation_font_color=”” navigation_accent_color=”” include=”” dt_project_icon_title=”” css_dt_gallery=””][vc_column]

[/vc_column][/vc_row]