Өткенге құрмет – мәңгілі міндет

Өткенге құрмет – мәңгілі міндет

ткенгМамырдың 25 күні жалпы білім беру пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен қаламыздың білім саласы қызметкерлері мен профессорлық-оқытушылық құрамның қатысуымен 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге қатысушылар қатары: Семей қаласы ішкі саясат басқармасының жетекшісі, «AMANAT» партиясы Семей қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, ШҚО білім басқармасының Семей қаласы бойынша білім бөлімінің әдіскері, Семей қаласының жоғарғы оқу орындарының профессоры, оқытушылары және т.б. атаулы мәселеге байланысты баяндама оқылып, көкейкесті сұрақтар бойынша пікір алмасты.

Қазақстанда 1997 жылдан бері жыл сайын Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні аталып келеді. Қуғын-сүргінге ұшырағандарды ақтау шаралары әлі де жалғасуда. Зұлмат жылдарындағы орасан зор адам шығыны мен тағдыр тауқыметі әрбір азаматтың жүрегіне жара салғаны белгілі. Бұл шара – жазықсыз жапа шегіп, қазақты егеменді ел етеміз деп еркіндікке ұмтылған ерлердің алдындағы борышты өтеуге, парызды ақтауға арналған іс-шара.

Біздің халық қуғын-сүргін кесірінен жазықсыз жапа шеккен қайраткерлердің есімдерін еске алу, олардың рухтарына құрмет көрсетуді әр уақытта есінен шығарған емес және шығармайды да. Бұл тарихтан тағылым алып, биік мақсат – «Мәңгілік Елге» бет алған ұлы халықтың ұлағатты ісі.

Жалпы білім беру пәндер кафедрасы

Жарияланды: