Университет мұражайына саяхат

Университет мұражайына саяхат

Жалпы білім беретін пәндер каферасының оқытушысы Садықова Лиза Кәдірханқызының жетекшілігімен «Педиатрия» мамандығының 1 курс 1330 кураторлық топ студенттерімен «Семей медицина университеті» КеАҚ жанындағы М. Маметова атындағы мұражайға саяхат жасалды. Саяхат барысында студенттер университетіміздің тарихынан және қазақ батыры Мәншүк Маметованың өмірі мен ерлігі туралы құнды мәліметтермен танысты.

Тарихи-мәдени мұраны сақтау – стратегиялық маңызы бар мемлекеттік мәселе. Әдеби және мәдени құндылықтар, тарихи тәжірибе – ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын асыл қазына. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың өзі қолдау көрсетіп, бастамашы болған, қазіргі кезде көпшілік қауымның қолдауына ие болып отырған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы ұлттың рухани – ағартушылық және мәдени – интеллектуалдық деңгейін көтеруге, өскелең ұрпақты туған халқымыздың жалпы адамзаттық кұндылықтар мен идеялар рухында тәрбиелеуге бағытталған. Олай дейтініміз, қоғамның рухани тірегі санатындағы тарихи – мәдени мұралардың халықтың өз болмысын жоғалтып алмауы мен қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы рөлі аса зор. Осыған байланысты, еліміз бен жеріміздің тарихын бағалайтын және мақтан ететін жастарды тәрбиелеу біздің басты міндетіміз болғандықтан, мәселені студенттермен бірге мұражайға саяхат жасау арқылы жүзеге асыруды мақсат еттік.

Ұйымдастырылған шарадан студенттеріміздің алған әсері ерекше болғандығын байқамау мүмкін емес.

1330 топ кураторы Л.К. Садықова[vc_row dt_title=”” mode=”grid” responsiveness=”browser_width_based” bwb_columns=”desktop:1|h_tablet:1|v_tablet:1|phone:1″ pwb_column_min_width=”” pwb_columns=”” gap_between_posts=”5px” loading_effect=”fade_in” image_sizing=”proportional” resized_image_dimensions=”1×1″ image_border_radius=”0px” image_decoration=”none” shadow_h_length=”0px” shadow_v_length=”4px” shadow_blur_radius=”12px” shadow_spread=”3px” shadow_color=”rgba(0,0,0,0.25)” image_scale_animation_on_hover=”disabled” image_hover_bg_color=”default” custom_rollover_bg_color=”rgba(0,0,0,0.5)” custom_rollover_bg_gradient=”45deg|rgba(12,239,154,0.8) 0%|rgba(0,108,220,0.8) 50%|rgba(184,38,220,0.8) 100%” hover_animation=”fade” show_zoom=”y” gallery_image_zoom_icon=”icomoon-the7-font-the7-zoom-06″ project_icon_size=”32px” project_icon_color=”#ffffff” project_icon_bg_size=”44px” project_icon_bg=”n” project_icon_bg_color=”rgba(255,255,255,0.3)” project_icon_border_radius=”100px” project_icon_border_width=”0px” project_icon_border_color=”” loading_mode=”disabled” jsp_posts_per_page=”” jsp_show_all_pages=”n” jsp_gap_before_pagination=”” jsm_posts_per_page=”” jsm_gap_before_pagination=”” jsl_posts_per_page=”” navigation_font_color=”” navigation_accent_color=”” include=”” dt_project_icon_title=”” css_dt_gallery=””][vc_column]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар