Клиникалық ортаға ғылыми дәлелдемелерді енгізу атты онлайн – семинар

Клиникалық ортаға ғылыми дәлелдемелерді енгізу атты онлайн – семинар

2022 жылдың 20 – 24 мамыр аралығында «Мейіргер ісі» кафедрасының ассистенттері, PhD – Шарапиева А.М. және медицина ғылымдарының магистрі Жетмекова Ж.Т. «Клиникалық ортаға ғылыми дәлелдемелерді енгізу» атты ZOOM платформасы арқылы онлайн – семинар өткізді.
Семинардың мақсаты-Қазақстанда мейіргер ісінің ғылыми негізделген практикасын енгізу мақсатында мейіргер ісінің білімі, зерттеулері мен практикасы арасындағы ынтымақтастық пен білім алмасуды қолдау болып табылады.
Семинардың тыңдаушылары мен қатысушылары – тәжірибелік – медбикелер, Денсаулық сақтау саясатын анықтайтын адамдар, ұлттық Мейірбике ісі қауымдастықтары, медициналық мекемелердің басшылары, мейірбике ісін зерттеушілер, мейірбике ісінің оқытушылары, медициналық колледждер мен медициналық университеттер болып табылды.
Мастер-класс соңында қатысушылар:
● Мейірбикелік практиканың негізгі қағидаларын, этикасын, әдістерін және процесін меңгеруді;
● Пациенттерге күтім жасау үшін ғылыми негізделген материалды іздеуді, бағалауды және талдауды, жаңа шешімдерді табу үшін проблемаларды шешуге шығармашылық көзқарас танытуды;
● Бағалау критерийлері мен халықаралық және Ұлттық клиникалық нұсқаулықтардың артықшылықтарын, сондай-ақ мейірбике ісінің озық тәжірибесінің мысалдарын түсіне алуды меңгере алды.
Мастер – класс соңында тыңдаушылар мен қатысушылардан кері байланыс алынып, талқыланды.[vc_row dt_title=”” mode=”grid” responsiveness=”browser_width_based” bwb_columns=”desktop:3|h_tablet:2|v_tablet:2|phone:1″ pwb_column_min_width=”” pwb_columns=”” gap_between_posts=”5px” loading_effect=”fade_in” image_sizing=”resize” resized_image_dimensions=”3×2″ image_border_radius=”0px” image_decoration=”none” shadow_h_length=”0px” shadow_v_length=”4px” shadow_blur_radius=”12px” shadow_spread=”3px” shadow_color=”rgba(0,0,0,0.25)” image_scale_animation_on_hover=”slow_scale” image_hover_bg_color=”default” custom_rollover_bg_color=”rgba(0,0,0,0.5)” custom_rollover_bg_gradient=”45deg|rgba(12,239,154,0.8) 0%|rgba(0,108,220,0.8) 50%|rgba(184,38,220,0.8) 100%” hover_animation=”fade” show_zoom=”y” gallery_image_zoom_icon=”icomoon-the7-font-the7-zoom-06″ project_icon_size=”32px” project_icon_color=”#ffffff” project_icon_bg_size=”44px” project_icon_bg=”n” project_icon_bg_color=”rgba(255,255,255,0.3)” project_icon_border_radius=”100px” project_icon_border_width=”0px” project_icon_border_color=”” loading_mode=”disabled” jsp_posts_per_page=”” jsp_show_all_pages=”n” jsp_gap_before_pagination=”” jsm_posts_per_page=”” jsm_gap_before_pagination=”” jsl_posts_per_page=”” navigation_font_color=”” navigation_accent_color=”” include=”” dt_project_icon_title=”” css_dt_gallery=””][vc_column]

[/vc_column][/vc_row]