19 мамырда жұқпалы аурулар және иммунология кафедрасында 616-топ ЖТД интерндерімен «ToRCH-инфекциялар: мәселеге көзқарас» тақырыбында онлайн ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды. Конференция жұмысына бакалавриат студенттері, ЖТД интерндері және «СМУ» КЕАҚ Өскемен және Павлодар қалаларындағы филиалдарының интерндері қатысты.
Конференция барысында қатысушылар ToRCH-инфекциялар мәселесі туралы пікірталас өткізіп, өзекті ақпарат алмасты.
Жұқпалы аурулар және иммунология кафедрасы