2022 жылдың 31 мамырында М.М.Уразалин атындағы микробиология кафедрасының оқытушысы, куратор М.М. Малик басшылығымен «жалпы медицина» мамандығының 2311, 2206 топтармен кураторлық сағат өткізілді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 мамырдағы Жарлығымен, “Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасымен, Республикалық референдумның негізгі тармақтарымен таныстырылды. Конституциялық реформа бүкіл мемлекеттік модельді кешенді түрде трансформациялауға бағытталған.Студенттер талқылауға белсенді қатысып, референдумға қатысуға дайын екендіктерін білдірді.
Категориясы: СМУ-дағы іс-шаралар
Осы жазбамен бөлісу