Мамырдың 30 күні Жалпы білім беру пәндер кафедрасының оқытушысы Садықова Лиза Кәдірханқызының ұйымдастыруымен Педиатрия мамандығының 1330 кураторлық тобында 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай тәрбие сағаты өткізілді.
Қарастырылып отырған мәселеге байланысты баяндама оқылып, көкейкесті сұрақтар бойынша пікір алмасылды.
Қазақстанда 1997 жылдан бері жыл сайын Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні аталып келеді. Қуғын-сүргінге ұшырағандарды ақтау шаралары әлі де жалғасуда. Зұлмат жылдарындағы орасан зор адам шығыны мен тағдыр тауқыметі әрбір азаматтың жүрегіне жара салғаны белгілі. Бұл шара – жазықсыз жапа шегіп, қазақты егеменді ел етеміз деп еркіндікке ұмтылған ерлердің алдындағы борышты өтеуге, парызды ақтауға арналған іс-шара.
Біздің халық қуғын-сүргін кесірінен жазықсыз жапа шеккен қайраткерлердің есімдерін еске алу, олардың рухтарына құрмет көрсетуді әр уақытта есінен шығарған емес және шығармайды да. Бұл тарихтан тағылым алып, биік мақсат – «Мәңгілік Елге» бет алған ұлы халықтың ұлағатты ісі.
Педиатрия мамандығының
1330 топ кураторы Л.К. Садықова