Шын жүректен жасалған игі істер

Шын жүректен жасалған игі істер

Семей Медицина университетінің’ ҚР ҰҒА академигі Т.К. Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушылары мен Стоматология мамандығының 1-ші курс студенттері 1-ші маусым балаларды қорғау күніне орай қаламыздағы көпбалалы отбасына барып қайтты. Олар сол отбасына сыйлықтар әкеліп, осындай мейрамда балаларды қуантып, ата – аналарына жылы сөздерін айтып демеді. Қиналғанға қол созу – адамгершіліктің белгісі. Жақсылық қылсаң, жасыр, жақсылық көрсең, асыр демекші үнемі адамдарға қол ұшын созып жүрейік.

Жарияланды: