«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында өскелең ұрпақтың рухани құндылықтарын дамыту, мұралармен танысу мақсатында
27 мамыр 2022 жылы «Семей медицина университеті» КеАҚ әскери кафедрасының басшысы медицина қызметінің полковнигі Орынбасаров Шыңғыс Оразмухаметович және оқытушы медицина қызметінің подполковнигі Смаилов Нұрбек Саденовичтің бастауымен 7 взвод курсанттары «Радиотехника және байланыс» колледжінің Байланыс мұражайын тамашалады.
Мұражайды аралау кезінде 19- 20 ғасырларда қолданылған радиоапараттар, байланыс құралдары, теледидарлар граммофон және баспа құралдарымен таныстық. Олардың тарихын, жұмыс істеу механизмін көріп, білдік.
Өте қызықты және пайдалы әсерге бөлендік.
Мұражайға саяхатты ұйымдастырушыларға үлкен алғысымызды білдіреміз!
Әскери кафедраның 7 взвод курсанттары