Нұр-Сұлтанда «Дені сау ұлт» медициналық саммиті аясында «ALTYN SHIPAGER» ұлттық сыйлығының жеңімпаздарын марапаттаудың дәстүрлі рәсімі өтті, онда үздік медициналық ұйымдар алтын мүсіншелерге ие болды. «Семей медицина университеті» КеАҚ «Үздік медициналық ЖОО» номинациясы бойынша көшбасшылар үштігіне кіріп, құрметті екінші орынды иеленді.
«Құрметті ардагерлер, әріптестер! Баршаңызды кәсіби мерекелеріңіз – медицина қызметкерлері күнімен тағы да құттықтауға рұқсат етіңіздер. Университетімізді үздіктердің бірі ретінде тану-бұл үлкен және ұйымшыл ұжымның, біздің профессорларымыздың, дәрігерлеріміздің, ғалымдарымыздың, қымбатты ардагерлеріміздің көпжылдық еңбегінің нәтижесі. Бұл жетістік болашақта жаңа жетістіктерге түрткі болсын. Шын жүректен зор денсаулық, амандық пен табыс, жоғары оқу орнымызға өркендеу тілеймін», – деді өзінің құттықтау сөзінде Басқарма Төрағасы – «СМУ» КеАҚ ректоры, м.ғ. д., профессор Алтай Дүйсіпов.
«Ұлттық сыйлық» марапаты 2018 жылы дәрігерлердің абыройлы жұмысын атап өту үшін құрылды. Биыл медицина қызметкерлері күні соңғы уақытта алғаш рет офлайн форматта атап өтіледі.