Семей медицина университеті талапкерлерге өз есігін ашты

Семей медицина университеті талапкерлерге өз есігін ашты

20 маусымда 2022-2023 оқу жылында Семей медицина университетіне түсу үшін талапкерлерді қабылдау жөніндегі ЖОО комиссиясы салтанатты түрде өз жұмысын бастады. Бұл айтулы шараға биылғы мектеп және колледж түлектері мен олардың ата-аналары, сондай-ақ ЖОО қызметкерлері шақырылды. Салтанатты іс – шараны «СМУ» КеАҚ Басқарма Төрағасы – Ректоры, м.ғ. д., профессор Алтай Дюсупов құттықтау сөзімен ашты.
«Құрметті талапкерлер және ата-аналар! Сіздерді біздің жоо-да қарсы алуға қуаныштымын. Біз үшін бірінші кезектегі міндет – жоғары білікті және бәсекеге қабілетті медицина кадрлары даярлау болып табылады. Көптеген жылдар ішінде біз 30 мыңнан астам түлекті дайындадық, олар еліміздің түкпір-түкпірінде ғана емес, одан тыс жерлерде де табысты еңбек етуде. Біз даңқты дәстүрлерімізді, жоғары сапа стандарттарымызды мақтан тұтамыз, соның арқасында «ALTYN SHIPAGER» ұлттық сыйлығының қорытындысы бойынша біздің университет еліміздегі үздік медициналық жоғары оқу орындарының бірі болып танылды. Дәрігер болу оңай емес, бұл ұзақ және күрделі жол, сонымен қатар үлкен жауапкершілік. Сондықтан мен ең ізгілікті және абыройлы мамандықты таңдаған барлық талапкерлерге табыс, табандылық және жаңа білімге деген ұмтылысты тілеймін», – деді Алтай Ахметқалиұлы.
Міне, 69 жыл бойы жоғары оқу орны өзінің басты миссиясы – жоғары білікті және бәсекеге қабілетті кадрлар даярлауды жүзеге асыру жолында дәрігер болуды армандайтындардың барлығына есігін айқара ашады. Семей медициналық университеті бүгінде – Павлодар мен Өскемендегі өз ауруханасы мен филиалдары, озық білім беру бағдарламалары, заманауи материалдық-техникалық базасы бар Қазақстанның ең ірі медициналық жоғары оқу орындарының бірі.
Біздің университетте бакалавриаттың алты білім беру бағдарламасы бойынша, бейіндік бағыттағы магистратураның жеті білім беру бағдарламасы бойынша, ғылыми-педагогикалық бағыттағы бес мамандық бойынша, резидентураның 34 білім беру бағдарламасы және екі PhD докторантура бағдарламасы бойынша даярлау жүзеге асырылады. Бүгіннен бастап 25 тамызға дейін қабылдау комиссиясының қызметкерлері талапкерлерге білім беру бағдарламалары, грантқа қалай түсуге болады, қандай жеңілдіктер беріледі, болашақ мамандықты таңдауда ақпараттық қолдау көрсетіледі. Сондай-ақ қабылдау комиссиясына келесі нөмірлер бойынша қоңырау шалу арқылы өзіңізді қызықтырған сұрақтарды қоюға болады: 8(7222)32-61-80; 8(778)008-57-56.

[vc_row dt_title=”” mode=”grid” responsiveness=”browser_width_based” bwb_columns=”desktop:3|h_tablet:2|v_tablet:2|phone:1″ pwb_column_min_width=”” pwb_columns=”” gap_between_posts=”5px” loading_effect=”fade_in” image_sizing=”resize” resized_image_dimensions=”3×2″ image_border_radius=”0px” image_decoration=”none” shadow_h_length=”0px” shadow_v_length=”4px” shadow_blur_radius=”12px” shadow_spread=”3px” shadow_color=”rgba(0,0,0,0.25)” image_scale_animation_on_hover=”slow_scale” image_hover_bg_color=”default” custom_rollover_bg_color=”rgba(0,0,0,0.5)” custom_rollover_bg_gradient=”45deg|rgba(12,239,154,0.8) 0%|rgba(0,108,220,0.8) 50%|rgba(184,38,220,0.8) 100%” hover_animation=”fade” show_zoom=”y” gallery_image_zoom_icon=”icomoon-the7-font-the7-zoom-06″ project_icon_size=”32px” project_icon_color=”#ffffff” project_icon_bg_size=”44px” project_icon_bg=”n” project_icon_bg_color=”rgba(255,255,255,0.3)” project_icon_border_radius=”100px” project_icon_border_width=”0px” project_icon_border_color=”” loading_mode=”disabled” jsp_posts_per_page=”” jsp_show_all_pages=”n” jsp_gap_before_pagination=”” jsm_posts_per_page=”” jsm_gap_before_pagination=”” jsl_posts_per_page=”” navigation_font_color=”” navigation_accent_color=”” include=”” dt_project_icon_title=”” css_dt_gallery=””][vc_column]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды: