Бүгін 24 маусым күні «Семей медицина университеті» КеАҚ 1997 жылы университет түлектерінің салтанатты кездесуі өтті. Бұл айтулы шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен ғана емес, шетелдерден де қонақтар келді. Айта кету керек, биыл 1997 жылғы түлектер жоғары оқу орнын бітіргеніне 25 жыл толуын атап өтеді.
Университет қабырғасында өз түлектеріне арналған салтанатты іс – шара өтті, оның басталуын «СМУ» КеАҚ Басқарма Төрағасы – Ректоры, м.ғ. д., профессор Алтай Дюсупов өзінің алғы сөзімен ашты.
«Құрметті біздің түлектер! Сіздерді аяулы ыстық ұя, Альма-матердің қабырғасында қарсы алуға шын жүректен қуаныштымын! Біз сіздердің жетістіктеріңізді мақтан тұтамыз. Бүгінгі таңда жоғары оқу орны 30 мыңнан астам білікті мамандарды даярлап шығарды, олар тек біздің елімізде ғана емес, сонымен қатар одан тыс жерлерде де ең құнды – адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғауда жұмыс істейді. Біздің түлектер қай жерде болмасын, олар дәрігер мен біздің түлегіміздің құрметті атағын абыроймен алып жүреді. Әрине, бұл кездесу біз үшін баға жетпес, өйткені біздің алдымызда бір міндет тұр – университеттің бай дәстүрлерін, білімдерін сақтау және арттыру, оларды кейінгі ұрпаққа жеткізу. Құрметті түлектер, сіздерді мерейтоймен құттықтап, зор денсаулық, амандық және жаңа табыстар тілеймін”, – деді Алтай Ахметқалиұлы. Университет ректоры өзінің алғы сөзінде университеттің соңғы жылдардағы маңызды жетістіктерін атап өтті.
Жоғары оқу орнының еңбек сіңірген ардагері, м.ғ.д., профессор, жоғары санатты дәрігер – ревматолог, КСРО Денсаулық сақтау ісінің үздігі, университеттің «ақылман» кеңесінің төрайымы Иванова Райфа Латыфовна түлектерге жылы лебіздерін білдірді. Сондай-ақ, м.ғ.к., «СМУ» КеАҚ балалар стоматологтары кафедрасының доценті, жоғары санатты дәрігер Абралина Шолпан Шагатаевна да құттықтау сөз сөйледі.
Одан әрі қонақтарға ЖОО ғимараты бойынша экскурсия өткізілді. Түлектер мұражайға, кітапханаға, дәріс залдары мен оқу аудиторияларына, сондай-ақ симуляциялық технологиялар кафедрасына барды.