“АМСК желісінде туберкулезді диагностикалау және емдеудің инновациялық әдістері” тақырыбына семинар

“АМСК желісінде туберкулезді диагностикалау және емдеудің инновациялық әдістері” тақырыбына семинар

2022 жылғы 14-17 маусым аралығында Семей қаласының өңірлік фтизиопульмонология және оңалту орталығының базасында “АМСК желісінде туберкулезді диагностикалау мен емдеудің инновациялық әдістері” тақырыбында оқыту семинары өтті.

Б.С. Буланов атындағы жүрек-қантамыр және торакальды хирургия кафедрасының оқытушысы, м.ғ.м. Чункаева Д.Д. туберкулезге қарсы іс-шараларды АМСК жүйесі қызметкерлерінің қызметіне қоспай, туберкулез бойынша жағдайды жақсартуға қол жеткізу мүмкін еместігін атап өтті.

Семинар шеңберінде ДДҰ-ның соңғы ұсынымдарын және Қазақстан Республикасындағы туберкулезбен күрес жөніндегі нормативтік құжаттарды ескере отырып, туберкулезді, оның ішінде дәріге төзімді туберкулезді анықтаудың, диагностикалаудың және емдеудің жалпы қағидаттарына шолу ұсынылды. Ауруды диагностикалаудың жеделдетілген молекулярлық-генетикалық әдістеріне, емдеудің жаңа схемаларына және туберкулезге қарсы препараттарды қолдану кезінде туындайтын жағымсыз құбылыстарды жою тәсілдеріне, туберкулезбен ауыратын науқастарға көмек көрсетудің амбулаториялық модельдеріне ерекше назар аударылды.

Төрт күн ішінде семинарға алғашқы медициналық-санитарлық көмектің 105 дәрігері мен 145 орта медицина қызметкері қатысты. Семинар сұрақ-жауап түрінде өте жанды өтті. Семинарға қатысушылардың барлығы сертификатпен марапатталды.

 

Б.С. Буланов атындағы жүрек-қантамыр және

торакальды хирургия кафедрасы[vc_row dt_title=”” mode=”grid” responsiveness=”browser_width_based” bwb_columns=”desktop:3|h_tablet:2|v_tablet:2|phone:1″ pwb_column_min_width=”” pwb_columns=”” gap_between_posts=”5px” loading_effect=”fade_in” image_sizing=”resize” resized_image_dimensions=”3×2″ image_border_radius=”0px” image_decoration=”none” shadow_h_length=”0px” shadow_v_length=”4px” shadow_blur_radius=”12px” shadow_spread=”3px” shadow_color=”rgba(0,0,0,0.25)” image_scale_animation_on_hover=”slow_scale” image_hover_bg_color=”default” custom_rollover_bg_color=”rgba(0,0,0,0.5)” custom_rollover_bg_gradient=”45deg|rgba(12,239,154,0.8) 0%|rgba(0,108,220,0.8) 50%|rgba(184,38,220,0.8) 100%” hover_animation=”fade” show_zoom=”y” gallery_image_zoom_icon=”icomoon-the7-font-the7-zoom-06″ project_icon_size=”32px” project_icon_color=”#ffffff” project_icon_bg_size=”44px” project_icon_bg=”n” project_icon_bg_color=”rgba(255,255,255,0.3)” project_icon_border_radius=”100px” project_icon_border_width=”0px” project_icon_border_color=”” loading_mode=”disabled” jsp_posts_per_page=”” jsp_show_all_pages=”n” jsp_gap_before_pagination=”” jsm_posts_per_page=”” jsm_gap_before_pagination=”” jsl_posts_per_page=”” navigation_font_color=”” navigation_accent_color=”” include=”” dt_project_icon_title=”” css_dt_gallery=””][vc_column]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды: