“Семей медицина университеті” КеАҚ ағымдағы жылдың 1 шілдесі мен 15 шілдесі аралығында “Невротикалық бұзушылардың медициналық психологиясы мен психотерапиясы” тақырыбы бойынша біліктілікті арттырудың күндізгі циклі (120 сағат/4 кредит) өтетінін хабарлайды.
Лектор: психиатрия кафедрасының ассистенті А.А. Альмагамбетова
Оқу құны: 48 000 (қырық сегіз мың) теңге.
Оқуға ниет білдірген жағдайда, келесі cnpr_sgmu@mail.ru немесе doctor@smu.edu.kz электронды мекен-жайларға өтінім беруіңізді сұраймыз.
Қажетті құжаттар тізімі:
1. Жеке куәлік көшірмесі
2. Дипломның көшірмесі (тегін ауыстыру болған жағдайда растайтын құжат)
3. Маман сертификатының көшірмесі
4. Соңғы мамандандыру көшірмесі
5. Қайта даярлаудан немесе интернатурадан өткені туралы куәліктің көшірмесі
6. Жұмыс орнынан оқуға жіберу туралы бұйрық.
Байланыс телефондар: “Семей медицина университеті” КеАҚ, қосымша және неформальды білім беру бөлімі (220 кабинет), тел.: 8 7222 32 88 20, 8 777 152 68 58 Нуршат Акановна, 8 707 306 70 18 Айнур Асхатовна, 8 778 041 88 50 Асем Муратовна.