Қош келдіңіздер-түлектер!

Қош келдіңіздер-түлектер!

25 маусым күні «Семей медицина университетінде» 1972 жылғы түлектердің кездесуі өтті. Жоғары оқу орны өз түлектерін Қазақстанның түкпір-түкпірінен ғана емес, жақын және алыс шетелдерден де қарсы алды.

Салтанатты іс-шараны аша отырып, жоо ұжымының атынан Семей медицина университетінің Басқарма төрағасы –ректор, м.ғ.д., профессор Алтай Дюсупов құттықтау сөз сөйледі.

 

«Құрметті біздің түлектер! Сіздерді туған Альма-Матер қабырғасында, жеке өзімнің және бүкіл ұжымның атынан көргеніме қуаныштымын, Сіздерді 50 жылдық мерейтойларыңызбен шын жүректен құттықтағым келеді. Жарты ғасыр-бұл маңызды күн! Осы жылдар ішінде денсаулық сақтау саласында да, медициналық білім беру жүйесінде де өз табыстарыңызбен және жетістіктеріңізбен Сіздер қоғамның әл-ауқатын қамтамасыз етуге баға жетпес үлес қосып қана қоймай, біздің жоо-ның беделін елімізде және одан тыс жерлерде барынша нығайтудасыздар. Сіздердің өмірлік және еңбек тәжірибелеріңіз-өскелең ұрпақ үшін үлгі. Сіздер өздеріңіздің туған Алма матеріңіздің есігі әрқашан Сіздер үшін айқара ашық екенін білдіргім келеді. Сіздерге зор денсаулық, табыс пен бақ-береке тілеймін», – деді Алтай Ахметқалиұлы. Университет ректоры   университеттің басты жетістіктері туралы да айтты.

1972 жылы жоғары оқу орнын бітірген түлектер бүгін 50 жылдық мерейтойын атап өтуде. Осыдан жарты ғасыр бұрын жүздеген жас жігіттер мен қыздар дипломды алып, жоғары білікті маман ретінде туған Алма-матердің қабырғасынан аттанды. Бүгінгі таңда олардың әрқайсысының ондаған жылдық еңбек өтілі бар, олардың көпшілігі – көрнекті ғалымдар, жоғары білікті дәрігерлер, профессорлар, педагогтар, денсаулық сақтаудың еңбек сіңірген қайраткерлері, медициналық ұйымдардың басшылары, Қазақстанның ғана емес, сонымен қатар жақын және алыс шетелдердің денсаулық сақтаудың көрнекті ұйымдастырушылары.

Самайын ақ шаш шалған, бай өмірлік және кәсіби тәжірибесі бар, бірақ туған университетінің қабырғасында олар қайтадан жас, болашаққа көз жүгірткен, армандаған, қиын, бірақ асыл медицина ғылымының негіздерін түсінген студенттер сияқты сезінді. Жайлы, бейресми жағдайда түлектер өздерінің жарқын студенттік жылдарын, тәлімгерлерін еске алды, осы айтулы күнге дейін жете алмай, өмірден озған   достарын да бір минуттық үнсіздікпен еске алды.

Түлектер ондаған жылдар бойы даңқты дәстүрлер мен жоғары сапа деңгейін сақтай отырып, ең қажетті медициналық мамандықтар бойынша жоғары білікті мамандарды даярлауды жүзеге асырып келе жатқан туған жоғары оқу орнына, ұжымға, университеттің профессорлық-оқытушылық құрамына өздерінің жылы лебіздерін білдірді.

Салтанатты іс-шараның екінші бөлімінде қонақтар туған Алма – матердің дәліздерімен серуендеуге, университеттің жүрегі-кітапханаға, мұражайларға, дәріс залдары мен дәрісханаларға баруға мүмкіндік алды.[vc_row dt_title=”” mode=”grid” responsiveness=”browser_width_based” bwb_columns=”desktop:3|h_tablet:2|v_tablet:2|phone:1″ pwb_column_min_width=”” pwb_columns=”” gap_between_posts=”5px” loading_effect=”fade_in” image_sizing=”resize” resized_image_dimensions=”3×2″ image_border_radius=”0px” image_decoration=”none” shadow_h_length=”0px” shadow_v_length=”4px” shadow_blur_radius=”12px” shadow_spread=”3px” shadow_color=”rgba(0,0,0,0.25)” image_scale_animation_on_hover=”slow_scale” image_hover_bg_color=”default” custom_rollover_bg_color=”rgba(0,0,0,0.5)” custom_rollover_bg_gradient=”45deg|rgba(12,239,154,0.8) 0%|rgba(0,108,220,0.8) 50%|rgba(184,38,220,0.8) 100%” hover_animation=”fade” show_zoom=”y” gallery_image_zoom_icon=”icomoon-the7-font-the7-zoom-06″ project_icon_size=”32px” project_icon_color=”#ffffff” project_icon_bg_size=”44px” project_icon_bg=”n” project_icon_bg_color=”rgba(255,255,255,0.3)” project_icon_border_radius=”100px” project_icon_border_width=”0px” project_icon_border_color=”” loading_mode=”disabled” jsp_posts_per_page=”” jsp_show_all_pages=”n” jsp_gap_before_pagination=”” jsm_posts_per_page=”” jsm_gap_before_pagination=”” jsl_posts_per_page=”” navigation_font_color=”” navigation_accent_color=”” include=”” dt_project_icon_title=”” css_dt_gallery=””][vc_column]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды: