21.06.-22.06.2022 жылы балалар жұқпалы аурулары кафедрасында кафедра меңгерушісі И. М. Эфендиевтің басшылығымен “Жұқпалы аурулар, соның ішінде балалар жұқпалы аурулары” мамандығы бойынша резиденттердің Жеке оқу жоспарын орындау бойынша есептері тыңдалды. Барлығы 2-ші оқу жылының 11 резиденті, 1-ші оқу жылының 5 резиденті тыңдалды. Резиденттер есептерді презентация түрінде дайындады және өткен циклдар, Медлогқа сәйкес емделген клиникалық жағдайлар, резидентурада оқу барысында алған құзыреттері мен дағдылары, ғылыми жұмыстың орындалуы, сондай-ақ санитариялық-ағартушылық жұмыс туралы ақпарат берді.
Кафедра меңгерушісі Эфендиев И. М. резиденттердің атқарған жұмыстарын қорытындылады. Есеп беру баяндамаларының қорытындысы бойынша отырысқа қатысушылардың сұрақтары мен ұсыныстары айтылды.
Балалар жұқпалы аурулары кафедрасы