27 маусымда Семей медицина университетінің басшылығы австриялық «Vamed» компаниясымен бірлесіп Семей қаласында 600 төсектік университеттік клиника құрылысының мүмкіндіктерін талқылады.
Кездесуге «СМУ» КеАҚ Басқарма Төрағасы – Ректор, м. ғ. д., профессор Алтай Дюсупов, Таяу Шығыс және ТМД елдері бойынша «Vamed» компаниясының Басқарма төрағасы Оғызхан Сюраль мырза, «Medinc» ЖШС Бас директоры Ботагөз Жақселенова, сондай-ақ ШҚО ДСБ «Семей қаласының Ядролық медицина және онкология орталығы»ШЖҚ МҚК директоры Марат Сандыбаев қатысты.
Айта кету керек, Университеттік клиника құрылысы бойынша инвестициялық жоба «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ҚР Ұлттық жобасы аясында жүзеге асырылуда. Оны әлеуетті инвестор ретінде іске асыру үшін австриялық «Vamed» компаниясымен ынтымақтастық жоспарлануда – бұл компания кешенді медициналық мекемелерді жобалау, салу, жарақтандыру, техникалық менеджмент және жалпы жедел басқару саласындағы жетекші компания болып табылады.
Екіжақты кездесу барысында «Vamed» компаниясының төрағасы Оғызхан Сюрал мырза «СМУ» КеАҚ-тың меншікті клиникалық базасының – Университеттік госпиталь мен жалпы жоғары оқу орнының мүмкіндіктерімен және жабдықталуымен танысты, сондай-ақ «Vamed» компаниясы туралы айтып берді. Сондай-ақ, жоғары оқу орнының ректоры Алтай Дюсупов өңірдің медициналық ұйымдарының қазіргі мүмкіндіктері мен денсаулық сақтаудың заманауи талаптарын ескере отырып, Университеттік клиника құрылысы бойынша инвестициялық жобаны іске асыру жөніндегі өз көзқарасын білдірді.
Кездесуде сөз алған ШҚО ДСБ «Семей қаласының Ядролық медицина және онкология орталығы»ШЖҚ МҚК директоры Марат Сандыбаев нысанның, оның ішінде өңірге қажетті төсек қорын қамтамасыз ету үшін маңыздылығын атап өтіп, практикалық денсаулық сақтау тарапынан жоғары оқу орнына оны іске асыруда жан-жақты қолдау көрсетілетінін айтты.
Келіссөздер Абай облысының әкімі Нұрлан Уранхаевпен кездесумен аяқталды, оның барысында өңір басшысына инвестициялық жобаның егжей-тегжейлері ұсынылды. Нұрлан Тельманұлы да жобаны қолдап, құрылысқа, оның ішінде жер телімін анықтау кезінде жан-жақты қолдау мен көмек көрсетуге дайын екендігін білдірді. Айта кетейік, 600 төсектік Университеттік клиника – халыққа сапалы медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған, бүкіл өңір үшін маңызды жоба.[vc_row dt_title=”” mode=”grid” responsiveness=”browser_width_based” bwb_columns=”desktop:3|h_tablet:2|v_tablet:2|phone:1″ pwb_column_min_width=”” pwb_columns=”” gap_between_posts=”5px” loading_effect=”fade_in” image_sizing=”resize” resized_image_dimensions=”3×2″ image_border_radius=”0px” image_decoration=”none” shadow_h_length=”0px” shadow_v_length=”4px” shadow_blur_radius=”12px” shadow_spread=”3px” shadow_color=”rgba(0,0,0,0.25)” image_scale_animation_on_hover=”slow_scale” image_hover_bg_color=”default” custom_rollover_bg_color=”rgba(0,0,0,0.5)” custom_rollover_bg_gradient=”45deg|rgba(12,239,154,0.8) 0%|rgba(0,108,220,0.8) 50%|rgba(184,38,220,0.8) 100%” hover_animation=”fade” show_zoom=”y” gallery_image_zoom_icon=”icomoon-the7-font-the7-zoom-06″ project_icon_size=”32px” project_icon_color=”#ffffff” project_icon_bg_size=”44px” project_icon_bg=”n” project_icon_bg_color=”rgba(255,255,255,0.3)” project_icon_border_radius=”100px” project_icon_border_width=”0px” project_icon_border_color=”” loading_mode=”disabled” jsp_posts_per_page=”” jsp_show_all_pages=”n” jsp_gap_before_pagination=”” jsm_posts_per_page=”” jsm_gap_before_pagination=”” jsl_posts_per_page=”” navigation_font_color=”” navigation_accent_color=”” include=”” dt_project_icon_title=”” css_dt_gallery=””][vc_column]