Бұл күндері «Семей медицина университеті» КеАҚ-да 1991 жылғы университет түлектерінің салтанатты кездесуі өтті. Бұл айтулы шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен ғана емес, шетелдерден де қонақтар келді. Биыл 1991 жылғы түлектер жоғары оқу орнын бітіргеніне 31 жыл толуын атап өтеді.
Осыдан тура бір жыл бұрын 1991 жылғы Семей медициналық университетінің түлектері өздерінің 30 жылдық мерейтойларын атап өтті, алайда елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай кездесуді өткізуге кедергі болды, сол себебтен кездесу тек осы жылы ғана өтті. Осы айтулы оқиғаның құрметіне ЖОО қабырғасында салтанатты іс – шара ұйымдастырылды, оның басталуын «СМУ» КеАҚ Басқарма Төрағасы – Ректоры, м.ғ. д., профессор Алтай Дюсупов өзінің алғы сөзімен ашты.
«Құрметті біздің түлектер! Сіздерді туған Альма-матердің қабырғасында қарсы алуға шын жүректен қуаныштымын! Кез-келген университеттің деңгейі оның түлектерінің жетістіктерімен анықталады. Жақын арада университет өзінің 70 жылдық мерейтойын атап өтуді жоспарлап отыр. Осы жылдар ішінде жоғары оқу орны 30 мыңнан астам білікті мамандарды даярлап шығарды, олар тек біздің елімізде ғана емес, сонымен қатар одан тыс жерлерде де жұмыс істейді, ең құнды – адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғайды. Әрине, бұл кездесу біз үшін баға жетпес, өйткені біздің алдымызда бір міндет тұр – ЖОО дәстүрлерін, білім мен тәжірибені сақтау және арттыру, оларды кейінгі ұрпаққа жеткізу. Құрметті түлектер, сіздерді мерейтоймен құттықтап, зор денсаулық, амандық және жаңа табыстар тілеймін», – деді Алтай Ахметқалиұлы. Университет ректоры өзінің алғы сөзінде университеттің соңғы жылдардағы маңызды жетістіктерін атап өтті.
Одан әрі қонақтарға ЖОО ғимараты бойынша экскурсия өткізілді. Түлектер мұражайға, кітапханаға, дәріс залдары мен оқу аудиторияларына, сондай-ақ симуляциялық технологиялар кафедрасына барды.
Естеріңізге сала кетейік, 1991 жылы ЖОО – ны «емдеу ісі» мамандығы бойынша 273 түлек бітірді, оның 32-сі-үздік. Педиатрия факультетін 151 түлек бітірді, оның 7 – і үздік бітірді. Бүгінгі күні түлектердің көпшілігі-жоғары білікті мамандар, денсаулық сақтаудың, ғылымның еңбек сіңірген қайраткерлері, ондаған жылдар бойы тәжірибесі бар тиімді басқарушылар, бірақ ең бастысы – олардың барлығы ең қымбат – адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға баға жетпес үлесін қосып келеді!