“Еңбек және қоршаған орта гигиенасы саласындағы магистрлік бағдарламаларды үйлестіру және өзара тану /HARMONEE” жобасы бойынша іс-шараларды іске асыру шеңберінде “СМУ” КеАҚ 10 оқытушысы 2022 жылдың 1 наурызы мен 24 маусымы аралығында ағылшын тілінің қарқынды кәсіби курстарын (4 ай) өтті. Ағылшын тілінің кәсіби курстарын өткеннен кейін барлық оқытушылар риза болды: оқытушының көзқарасын атап өтті; ешкім назардан тыс қалмады; барлық тыңдаушылармен толықтай айналысты. Білім сөзсіз өсті! Кез-келген тілді үйренудегі ең бастысы – тілге деген қызығушылық және мұғалімнің кәсібилігі. Кейде оңай, кейде қиын, бірақ әрқашан қызықты және мазмұнды болды. Барлық сабақтар қызықты және достық жағдайда өтті. Эразмус+ жобасының арқасында профессорлық-оқытушылық құрам ағылшын тілінің кәсіби курсын сәтті аяқтады. Біз SUPREME білім беру орталығына ынтымақтастық үшін алғыс білдіреміз, сондай-ақ біздің оқытушы Анастасия Анатольевна Вакууленкоға оның кәсібилігі үшін алғыс білдіргіміз келді.