07.07.2022 ж. Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша медициналық ұйымдардың қызметкерлерін оқыту кестесіне сәйкес онлайн режимінде Абай облысының, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының медицина қызметкерлері үшін Конго-Қырымдық геморрагиялық қызбаның алдын алу бойынша семинар өткізілді. Семинардың модераторлары “СМУ” КеАҚ иммунология жұқпалы аурулар кафедрасының қызметкерлері болды. Конго-Қырымдық геморрагиялық қызбаның табиғи ошақтары кенелер мен құстар, ұсақ сүтқоректілер, ірі қара мал арасында вирустың айналуымен қамтамасыз етілетіні атап өтілді. Семинар тақырыбының сұрақтары егжей-тегжейлі баяндалды, 29.03.2019 ж. Конго-Қырымдық геморрагиялық қызбаның диагностикасы мен емдеудің клиникалық хаттамасы, №60 хаттама жеке талданды. “СМУ” КеАҚ жұқпалы аурулар иммунологиясы кафедрасы “Конго-Қырымдық геморрагиялық қызбасы: этиологиясы, эпидемиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, емі, алдын алу” презентациялық материалы және кафедра меңгерушісінің өзіндік бақылаулары (клиникалық жағдайлар) үшін , Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасының меңгерушісі профессор Дүйсенова А.К., профессор Егембердиева Р.А., ОҚМА жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасының меңгерушісі профессор Абуова Г. Н., доцент Бердалиева Ф. А ерекше алғысын білдіреді.
«СМУ» КеАҚ жұқпалы аурулар және иммунология кафедрасы