3-4 шілде күндері Нұр-сұлтан қаласында ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) Қазақстандағы елдік бөлімінің ұйымдастыруымен “пациенттермен COVID-19-ға қарсы вакцинациялау тақырыбында қарым-қатынас жасау” атты екі күндік нұсқаушылық тренинг өткізілді.
Бұл тренингтің мақсаты-алғашқы медициналық-әлеуметтік көмек көрсету орталықтарының медицина қызметкерлерін каскадты әдіспен әрі қарай оқыту үшін нұсқаушыларды даярлау. Тыңдаушыларға COVID-19-ға қарсы вакцинацияның қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы жаңартылған ақпарат ұсынылды, вакцинацияның проблемалық мәселелері және вакциналарға деген сенімді арттырудағы және оларды танудағы белсенділік туралы айтылды.
Тренингке ҚР жоғары оқу орындары мен денсаулық сақтау департаменттерінің өкілдері шақырылды. Тренингке жұқпалы аурулар және иммунология кафедрасының меңгерушісі, м. ғ. к., доцент Маукаева Сауле Боранбаевна және Семей қ. жалпы дәрігерлік практика кафедрасының ассистенті, жоғары санатты дәрігер, DFID жалпы практика дәрігерлерін даярлау бойынша шебер-жаттықтырушы, COVID-19 вакцинациясы мәселелері бойынша “МУС” КЕАҚ спикері Терехова Татьяна Ивановна қатысты.
“МУС” КЕАҚ ПОҚ медицина қызметкерлеріне көмекке тренинг материалдарын одан әрі енгізу бойынша іс-шаралар жоспарын жасады.