2022 ж. 4 шілдеде “СМУ” КеАҚ жұқпалы аурулар, дерматовенерология және иммунология кафедрасының қызметкерлері ұлттық аса қауіпті инфекциялар ғылыми орталығы ұйымдастырған маймыл шешегі ауруының этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, материал алу техникасы, профилактикасы және эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізу бойынша семинар жұмысына қатысты. М.Айқымбаева. Семинар Zoom платформасын қолдана отырып, on-line режимінде өткізілді. Семинар жоспарына сәйкес “Этиология, эпидемиология және алғашқы эпидемияға қарсы іс-шаралар”, “Клиника, дифференциалды диагностика және емдеу” (Халықаралық Тренингтік орталықтың бас ғылыми қызметкері, профессор, медицина ғылымдарының докторы А.М. Дмитровский), “ЖҚҚ тиісті пайдалану және қажетті шығын материалдары”, “Зертханалық диагностика. Маймыл шешегін зерттеу және оны сақтау үшін биологиялық материалды алу техникасы. Биологиялық материалды зерттеу әдістері”,”Биологиялық материалды орау және тасымалдау ережелері”. Семинар материалдары маймыл шешек ауруының алдын алу бойынша және медицина қызметкерлерін оқыту шеңберінде пайдаланылатын болады.
“СМУ” КеАҚ жұқпалы аурулар, дерматовенерология және иммунология кафедрасы