2022 жылғы 21 шілдеде «Семей медицина университеті» КеАҚ «Семей қаласындағы Қазақстан Әйелдер күштерінің Альянсы» ЗТБ бастамасымен зардап шеккен халықты оңалту мәселелерінде «Семей ядролық сынақ полигоны туралы» заң шеңберінде халыққа медициналық қызмет көрсету сапасы» дөңгелек үстелі өтті.
Дөңгелек үстел жұмысына Абай облысы әкімінің орынбасары -Байбеков Ш.З., облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттары, өңірдің денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, медициналық ұйымдардың басшылары, сондай-ақ қоғамдық кеңестер мен БАҚ өкілдері қатысты. Модераторлар ретінде «СМУ» КеАҚ Басқарма төрағасы-ректор, м. ғ. д., профессор А. А. Дюсупов және «Семей қаласындағы Қазақстан Әйелдер Күштері Альянсы филиалының» ЗТБ төрайымы А. С. Арғынбекова сөз сөйледі.
Кездесудің басты мақсаты «Семей ядролық сынақ полигоны туралы» Заң шеңберінде сараптама қоғамдастығын тарта отырып, зардап шеккен халықты оңалту мәселелерінде халыққа медициналық қызмет көрсету сапасы мәселелерін талқылау, осы бағыттағы мәселелерді шешу үшін облыстық және республикалық заңнамалық және мемлекеттік органдарға ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу болды.
Аталған тақырыптар бойынша дөңгелек үстел барысында «СМУ» КеАҚ Радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институтының басшысы Апсаликов К.Н. және ядролық медицина және онкология орталығының басшысының м. а. Белихина Т.И., сондай-ақ қоғамдастық өкілдері баяндама жасады. Осы баяндамалардың қорытындысы бойынша қойылған міндеттерді іске асыру бойынша бірқатар нақты шараларды қамтитын қарар қабылданды.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]