Гарнизондық офицерлер үйіне және ашық аспан аясындағы мұражайға саяхат

Гарнизондық офицерлер үйіне және ашық аспан аясындағы мұражайға саяхат

30 шілде 2022 жылы «Семей Медицина Университеті» КеАҚ әскери кафедра оқытушылары медицина қызметінің подполковниктері А.В.Матицын және И.Н. Шерстобитовтың басшылығымен әскери кафедрасында білім алушы 4 курстың 1, 2 взвод курсанттары тәрбие жұмысын атқару мен әскери техниканың негізгі түрлерімен және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің қару-жарағымен танысу мақсатында Семей қалалық Офицерлер үйіне және ашық аспан астындағы әскери- техника мұражайына барды.

Ашық аспан астындағы әскери техника мұражайында Ұлы Отан соғысындағы қару-жарақтың үлгілерін тамашаладық.

Офицерлердің үйі рухани қажеттіліктер мен тәрбиені жүзеге асыруды және әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің Отанға деген сүйіспеншілігінің артуына ықпал етеді.

Саяхат әскери кафедрадағы курсанттардың білім беру бағдарламасынан алған білімдерін бекітуге, өз Отанымыздың тарихына деген қалтқысыз қызмет сезімін оятуға себеп болды.

Тәрбие жұмысына жауапты медицина қызметінің подполковнигі Н. Смаилов[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]