Ағымдағы жылдың 18-29 шілде аралығында Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының Жазғы мектебі өтті. ДЗМҰ Жазғы мектебі Қазақстан Республикасында алғаш рет өткізілуде. Бастамашылар Қазақстан Республикасының Ұлттық зияткерлік меншік институты мен университетіміз Ынтымақтастық туралы келісімге отырған Технологиялар мен инновацияларды қолдау орталығы (ЦПТИ) болды.
Жеті бөлім бойынша мәселелер қаралды, мысалы: патенттер мен инновациялар, авторлық және сабақтас құқықтар, басқа зияткерлік меншік құқықтары, интеллектуалдық меншік саласындағы заманауи жаһандық сын-қатерлер, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және т.б.
Спикерлер зияткерлік меншік саласындағы қазақстандық және халықаралық сарапшылар: Ермек Алтынбеков, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы департаментінің директоры, Илья Грибков, Кавказ, Орталық Азия және Шығыс Еуропа, Беларусь мемлекеттік университетінің азаматтық құқық кафедрасының доценті Дарья Ландо, Қазақстан патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасының төрайымы Модангүл Тағбергенова, Еуразиялық патенттік сенім білдірілген өкіл Нұрғайша Сахипова, т.б.
Атқарылған жұмыстардың арқасында біз, ЦПТИ үйлестірушілері, зияткерлік меншікті патенттеу саласындағы көптеген материалдар мен білімдер, сондай-ақ сұрақтарымызға көптеген жауаптар алдық.
Уссербаева О.С., патент жөніндегі маман[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]