30 шілде 2022 жылы «Семей Медицина Университеті» КеАҚ әскери кафедра оқытушылары медицина қызметінің подполковниктері Н. Смаилов пен А. Смағұловтың жетекшілігімен әскери кафедраның 3-4 взвод курсанттары Абайдың әдеби – мемориалдық мұражай – үйіне барды.
Мұражай жеті экспозициялық залдан тұрады. Мұражайға келудің басты мақсаты білім алушы жастардың Абай Құнанбаев туралы тарихты білуге деген қызығушылығын ояту және жас ұрпақтың бойында патриоттық және өз еліне деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу болды.
Қазақ ақыны, философ және ағартушы Абай Құнанбаевқа арналған мұражайда болып, біз өздеріміз үшін көптеген қызықты және пайдалы ақпарат алдық.
Іс-шараны ұйымдастырушыларға үлкен алғысымызды білдіреміз!
3 взвод курсанты Мұқаш Жаннұр