НЕВЗОРОВТАР ОТБАСЫ АТЫНДАҒЫ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНІҢ МҰРАЖАЙЫНА САЯХАТ

НЕВЗОРОВТАР ОТБАСЫ АТЫНДАҒЫ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНІҢ МҰРАЖАЙЫНА САЯХАТ

06 тамыз 2022 жылы «Семей медицина университеті» КеАҚ әскери кафедрасында білім алушы 4 курс студенттерінің оқу-жаттығу жиындарының жеке құрамы, «2022 жылғы оқу-жаттығу жиындарының жеке құрамымен тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жоспарына» сәйкес, Невзоровтар отбасы атындағы  бейнелеу өнерінің мұражайына саяхат жасады.

Мұражай 1985 жылы ашылған. Невзоровтар отбасы атындағы  бейнелеу өнерінің мұражайы Қазақстандағы ең бай көркемөнер құндылықтарының жинағы болып табылады.

Мұражайдың қорында барлығы 5000 өнер туындысы сақталған. Мұражай коллекциясының маңызды бөлігін Невзоровтар отбасының әйгілі жинағы құрайды.

Өнер туындылары академиялық мектептен бастап Орыс суретшілері одағының шеберлеріне дейін орыс кескіндемесінің даму тарихын көрсетеді.

Мұражай экспозициясында пейзаждың танымал шеберлерінің жұмыстары көрермен назарын өзіне аударады.

Орыс кескіндемесінен бөлек мұражайда шетел өнері туындылары да экспозицияға қойылған. XVII—XIX ғасырлардағы голландия, ағылшын, француз шеберлерінің картиналары мен нақыштарының жеке коллекциялары бар.

Қазақстандық кескіндеме коллекциясы мұражай ашылғаннан бері жинала бастады. Оларға қазіргі заманғы жас суретшілердің туындылары да қосылуда, бүгінгі күні қазақстандық бейнелеу өнерінің коллекциясы 2000-нан астам сақтау бірлігін құрайды.

Курсанттардың саяхаттан алған әсері өте үлкен. Мұндай танымдық шаралардың әрі қарай да жалғасын табатынына сенім білдіреміз.

 

 

Тәрбие жұмысына жауапты

медицина қызметінің подполковнигі  Н.Смаилов

Жарияланды: