«Тазалық – денсаулық кепілі», «Дені саудың – жаны сау» деген аталы сөздерді текке айтпаған халқымыз қашанда қоршаған ортаның экологиялық таза болуына ерекше көңіл бөлген. Өйткені, елдің келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын ұстанатын, қауіпсіз ортада өмір сүретін өскелең ұрпақтың қолында екенін жақсы білген. Осы қағиданы басшылыққа алған Семей медицина университетінің студент жастары 3 қыркүйек күні «Таза қала – таза қоғам» атты акциясын ұйымдастырады! Бұл тазалық шарасына қаланың барлық студент жастарын ат салысуға шақырамыз! Сенбілік «Бейбітшілік» аралындағы Бейбітшілік ескерткішінен басталады. Жалынды жастар! Қаламыздың көркеюі, тазалығы – біздің қолымызда!
Рубрикалар: СМУ-дағы іс-шаралар, Хабарландырулар
Осы жазбамен бөлісу