22 тамызда Семей медицина университетіне Жапония ғалымдары жұмыс сапарымен келді. Университеттің құрметті қонақтарының қатарында Хиросима Университетінің радиациялық биология және медицина ҒЗИ профессоры Масахару Хоши, Токио университетінің химия және биотехнология кафедрасының қауымдастырылған профессоры Хитоши Сато, және Hirosaki University радиациялық медицина институтының профессоры Ясутака Омори.
Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың мүмкіндіктері талқыланды. Жапония ғалымдары екіжақты бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтіп, әріптестік байланыстарды кеңейтуге, оның ішінде радиоактивті бөлшектерді зерттеу, СЯСП-дағы ядролық қаруды сынаудың салдарын зерттеу, зардап шеккен халықты оңалтуға дайын екендіктерін білдірді.
Сонымен қатар Жапониядан келген қонақтар жоғары оқу орнының мүмкіндіктерімен танысып, университет кітапханасын, мұражайын, оқу және дәріс залдарын аралады.