25 тамыз 2022 жылы «Семей медицина университеті» КеАҚ әскери кафедрасының курсанттары ойдағыдай оқу-жаттығу жиындарынан өтіп, әскери дайындықты бітіру емтиханын тапсырды.
Емтихан тапсыру алдында Әскери антты қабылдау салтанатты рәсімі өткізілді.
Әскери кафедра биылғы 2021-2022 оқу жылында «Запастағы офицерлер және запастағы сержанттар» бағдарламасы бойынша әскери дайындықтың толық теориялық және практикалық курсын меңгерген 117 курсантты дайындап шығарды.
Жоғары оқу орнын тәмамдап, дипломмен бірге студенттер әскери атақтарын алып шығады, яғни «Запастағы медицина қызметінің лейтенанты» және «Запастағы медицина қызметінің сержанты» әскери атақтары тағайындалады.
Сіздердің ел іргесінің тыныштығын сақтауда, халқымыздың бейбіт өмір сүруіне қосар үлестеріңіздің зор болатынына сенімдіміз!
Әскери кафедра бастығы
медицина қызметінің полковнигі Ш.Орынбасаров