КеАҚ “СМУ” психиатрия кафедрасы The 3rd Hiroshima & Kazakhstan medical Symposium Халықаралық симпозиумына қатысты

КеАҚ “СМУ” психиатрия кафедрасы The 3rd Hiroshima & Kazakhstan medical Symposium Халықаралық симпозиумына қатысты

2022 ж. 28 тамызда Жапония (Kochi, Hiroshima, Shimane) және Қазақстан (Семей) сарапшыларының қатысуымен The 3rd Hiroshima & Kazakhstan Medical Symposium Халықаралық симпозиумы өтті. Симпозиум елдеріміздің Денсаулық сақтау саласындағы көпқырлы ынтымақтастығының дамуы мен келешегіне арналған. Жапония мен Қазақстан достық қарым-қатынастарды қолдап, белсенді дамытуда. Симпозиумның міндеттері: денсаулық сақтау саласындағы халықаралық өзара әрекеттесуді жандандыру, ғылым әлеуетін пайдалануға ықпал ету, бірлескен жобалар үшін ұсыныстар қалыптастыру. Симпозиумға қатысу үшін Kochi University, Hiroshima International University, Shimane Ochi General Hospital, Semey Medical University, Жапония және Қазақстан жоғары оқу орындарының ғалымдары мен оқытушылары шақырылды. Симпозиум жұмысына 2-ші оқу жылының резидент-психиатрлары, КеАҚ “СМУ” психиатрия кафедрасының ассистенттері “Behavioral addictions as a predictor of an extreme form of autoaggressive behavior” баяндамасымен, кафедраның ассистенті, PhD докторы дәрежесін ізденуші Сексенбаев Нұрсұлтан Жақсылықұлы; ғылыми жетекшісі: доцент, м.ғ.к. Оспанова Наргүл Нариманқызы. Сондай-ақ, симпозиум аясында бағдарламаға сәйкес келесі тақырыптарда мастер-кластар өткізілді: 1. Discussion from a study that collaborated with STAI and NEO, MD, PhD, Professor Ken Inoue, Kochi University, Japan; 2. The Japanese medical education system with COVID-19, Professor Yoshihiro Noso, Hiroshima International University, Japan; 3. Career plans for nurses in Japan, Mihoko Ota, Shimane Ochi General Hospital, Japan. Симпозиум жұмысының қорытындысы бойынша айтылған мәселелердің жоғары өзектілігі, талқыланатын мәселелердің практикалық маңыздылығы атап өтілді.[vc_row source=”media_library” image=”” img_size=”large” external_img_size=”” add_caption=”” alignment=”center” style=”” external_style=”” border_color=”grey” external_border_color=”grey” onclick=”link_image” img_link_target=”_self” image_hovers=”true” lazy_loading=”true” rel_no_follow=”” title=”” custom_src=”” caption=”” link=”” img_link_large=””][vc_column][vc_single_image image=”114804″ img_size=”large” alignment=”center” onclick=”link_image” lazy_loading=”true”][/vc_column][/vc_row]

Жарияланды: