Профессор Аймағамбетов: үздіктердің үздігі!

Профессор Аймағамбетов: үздіктердің үздігі!

2-3 қыркүйекте Оңтүстік астанада «хирургия мен трансплантологияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық мамандар қатысуымен Қазақстан хирургтарының үшінші съезі өтті. Съезді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен А. Н.Сызғанов атындағы Хирургия ұлттық ғылыми орталығы, “Қазақстандық хирургтар қоғамы” РҚБ ұйымдастырды.
Форум спикерлері мен дәріскерлері ретінде Жапония, Оңтүстік Корея, Үндістан, Иран, Қытай, Ресей, Беларусь, Украина, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Грузия және Қазақстанның ғылыми орталықтары мен жоғары медициналық оқу орындарының жетекші мамандары сөз сөйлейді.
Съезд жұмысы барысында хирургиялық ауруларды диагностикалау мен емдеуге, трансплатологиялық көмек көрсетуге байланысты бірқатар мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, съезд трансплантология мен шұғыл хирургияның өзекті мәселелерін қозғауға, оның таяу жылдардағы даму перспективаларын анықтауға мүмкіндік берді және біздің елімізде жаңа технологияларды дамытудағы кезекті қадам болды.
Сондай-ақ форум барысында еліміздің жетекші хирургтары да атап өтілді. «Семей медицина университеті” КеАҚ госпитальдық хирургия, анестезиология және реаниматология кафедрасының меңгерушісі, м. ғ.д., профессор, Жоғары санатты хирург Мейірбек Аймағамбетов Қазақстанның хирургиялық қызметін дамытуға қосқан зор үлесі және сіңірген еңбегі үшін А. Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының дипломымен және Алтын медалімен марапатталды.
Айта кету керек, мұндай жоғары марапат тегіннен берілген емес – Мейірбек Жақсыбекұлы тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл Еуразия өңіріндегі жетекші хирургтардың бірі. Ол жүздеген және мыңдаған күрделі хирургиялық операциялар өткізді, яғни жүздеген құтқарылған өмір бар. Ғылыми жетістіктер де аз емес, оның ішінде 260-тан астам ғылыми еңбек, екі монография, екі оқу-әдістемелік құрал, хирургия бойынша 3 практикум және 28 өнертабыс, сондай-ақ он шақты рационализаторлық ұсыныстар бар. Оның барлық кәсіби қызметі оқытушылық қызметпен де үздіксіз байланысты – міне, отыз жылдан астам уақыт бойы өзінің білімі мен баға жетпес тәжірибесімен бөлісе отырып, Мейірбек Жақсыбекұлы жоғары білікті мамандарды даярлауға баға жетпес үлес қосып келеді.
«СМУ» КеАҚ ұжымының атынан профессор Аймағамбетов Мейірбек Жақсыбекұлын лайықты марапатымен құттықтаймыз, алдағы уақытта табыс пен жаңа биіктерге жетуді тілейміз!

Жарияланды: