Семей қаласының тілдерді оқыту орталығының 2022 жылы 5 қыркүйекте «Тіл – достықтың алтын көпірі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Бұл дөңгелек үстел Қазақстан халқы тілдер күніне орай қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл, – деген ұлт ғұламасының ұлағатты сөзі негізінде дөңгелек үстел қатысушылары ой бөлісті.
Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент м.а. Жорокпаева Мейрамгүл Досанқызы «Шетел студенттеріне қазақ тілін үйрету арқылы ұлттық құндылықтарды насихаттау» атты тақырыпта баяндама жасады. Баяндама негізі шетел студенттерінің жаңа ортаға бейімделуіне қатысты ұлттық ерекшелікті таныта білуге қатысты болды.
Дөңгелек үстел соңында барлық баяндамашыларға Семей қаласының тілдерді оқыту орталығының директоры алғыс хатпен марапаттады.