2022 жылдың 8 – 9 қыркүйек күндері медицина мектебінің деканы С.Е.Узбекова «Жалпы медицина» және «Педиатрия» білім беру бағдарламасының 2-5 курс студенттерімен кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты: студенттерді жаңа 2022-2023 оқу жылындағы академиялық саясат, пән саясаты, этика кодексі және университетіміздің ішкі тәртіп ережелерімен таныстыру.
Студенттер академиялық саясаттағы барлық өзгертулермен толықтай таныстырылды. Білім алушылардың міндеттері мен құқықтары, сабаққа 100% қатысу, босатылған пәндерді уақытында өтеу, жазғы ақылы семестр, академиялық адалдықты сақтау туралы айтылды. Студенттердің сырт-келбеті, киім үлгісі және тәртібі жайында сөз қозғалды.
Сонымен қатар, 4 курс студенттері 3-4 қазан күндері өткізілетін тәуелсіз емтиханға дайындық кестесімен таныстырылды. 5 курс студенттеріне алдағы өтетін қорытынды мемлекеттік аттестаттау туралы мәлімет берілді. Кездесу барысында студенттер өздерін толғандырып жүрген барлық сұрақтарға мен мәселелерге жан-жақты жауап алды.
Медицина мектебі
[vc_row source=”media_library” image=”” img_size=”large” external_img_size=”” add_caption=”” alignment=”center” style=”” external_style=”” border_color=”grey” external_border_color=”grey” onclick=”link_image” img_link_target=”_self” image_hovers=”true” lazy_loading=”true” rel_no_follow=”” title=”” custom_src=”” caption=”” link=”” img_link_large=””][vc_column][vc_single_image image=”115080″ img_size=”large” alignment=”center” onclick=”link_image” lazy_loading=”true”][/vc_column][/vc_row]

