Мен өмірді сүйемін!

Мен өмірді сүйемін!

    2022 жылдың 09 қыркүйегінде «Психиатрия және наркология» кафедрасы 1 курс ЖМ студенттеріне Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында дүниежүзілік суицидтің алдын алу күніне арналған «Мен өмірді сүйемін!» атты іс-шара өткізді. Ұйымдастырушылар: кафедра меңгерушісі, Phd докторы Молдағалиев Т.М., Алмағамбетова А.А., Ермекбаев А.У., Алтыбаева Г.Қ., кафедра резиденттері, 708, 608 ЖТД, 5108, 5110 ЖМ топ студенттері,  медицина факультеті декан орынбасары Салықбаева Қ.С.

    10 қыркүйек – Дүниежүзілік суицидтің алдын алу күні – бүкіл әлемде суицидтің алдын алуды насихаттау мақсатында 2003 жылдан бері дүние жүзінде жыл сайын аталып өтеді. Суицидтік мінез-құлықтың алдын алу – қоғамның маңызды міндеттерінің бірі. Жыл сайын Семей қаласының медицина университетінің 1 курс студенттері үшін суицидтің алдын алу күніне арналған іс-шара өткізіледі.  Семей Медицина университетің 1 курс студенттерін құттықтау сөзі ЖМФ деканының орынбасары Салықбаева Қ.С., психиатрия және наркология кафедрасының меңгерушісі, Phd докторы Молдағалиев Т.М., кафедра ассистенттері Алмағамбетова А.А., Алтыбаева Г.К., волонтерлық корпустың координаторы Гамзаева Б. берілді.     Олар өз сөзінде Қазақстандағы суицид мәселесіне қатысты жағдайға тоқталды, сонымен қатар біздің университет студенттерінің бейімделу кезеңінде болуы мүмкін қиындықтар туралы егжей- тегжейлі айтып берді. Студенттерге қиын жағдайда қауіпсіз, әлеуметтік қолайлы тәсілдермен стрессті жеңілдетуге арналған ұсынымдар берілді. Студенттерге  психиатрдан, психотерапевттен, психологтан көмек сұрау ұсынылды.Шара соңында стресске төзімділікті, өзін-өзі бағалауды және өмірге деген оң көзқарасты арттыру мақсатында психотерапиялық тренинг өткізілді.Студенттер көптеген жағымды эмоциялар алды.Өмір керемет және оны қадірлеу керек!

Жарияланды: