Инфекциялық қызмет ардагерлерімен кездесу

Инфекциялық қызмет ардагерлерімен кездесу

          «Күміс университет» жобасы аясында 2022 жылдың 31 тамызында «МУС» КЕАҚ жұқпалы аурулар, дерматовенерология және иммунология кафедрасы көрнекті дәрігерлер – инфекциялық қызмет ардагерлері Левашова Людмила Гурьевна және Умраева Африма Фаридовнамен кездесу ұйымдастырды. Кездесуді ұйымдастырушылар кафедра доценттері Маукаева С.Б., Тоқаева А.З. және Смайыл Е.М.                                                            Жұқпалы аурулар ауруханасының ардагерлерімен кездесу жылы атмосферада өтіп, бұрынғы инфекционист мамандар еңбектері туралы естеліктерімен бөлісті, бүгінгі күн туралы әңгімеледі. Жауапкершілік, еңбексүйгіштік, принциптерді ұстану, барлық қиындықтарға тез жауап беру, білім мен дағдыларды алуға бар күш-жігерін жұмсау және әрқашан пациенттің мүддесін мақсатқа қою сияқты қасиеттер барлық уақытта жұқпалы аурулар мамандарының айрықша ерекшелігі болды және болып табылады.                                                                                                                      Кафедраның дәстүрін сақтай отырып, доценттер ардагер инфекционист мамандарға зор денсаулық, көтеріңкі көңіл-күй тіледі. Кездесу соңында қонақтарға гүл шоқтары мен қарапайым сыйлықтар табыс етілді.

 

«МУС» КЕАҚ жұқпалы аурулар, тері-венерология және иммунология кафедрасы

Жарияланды: