Инновациялық білім беру бағдарламалары: әзірлеу және енгізу тәжірибесі

Инновациялық білім беру бағдарламалары: әзірлеу және енгізу тәжірибесі

14-17 қыркүйек аралығында Торайгыров университеті бастамасымен Павлодар қаласында «Инновациялық білім беру бағдарламалары: әзірлеу және енгізу тәжірибесі» атты ашық әдістемелік семинар өтуде. Семинар жұмысына ректорлар, академиялық жұмыс жөніндегі проректорлар, ЖОО академиялық қызметтерінің өкілдері, білім беру бағдарламаларын әзірлеушілер, РОӘК ОӘБ хатшылары мен мүшелері қатыстады.
Семинар аясында «Қазақстанның стратегиялық дамуындағы білімнің рөлі» атты дөңгелек үстел өтті, оның барысында бірқатар өзекті мәселелер, соның ішінде кадрлық әлеуетке қатысты, әсіресе бүгінгі күні сұранысқа ие мамандықтар бойынша мәселелер талқыланды. Инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірлеудің ерекшеліктері ұсынылды, білім беру экожүйесін құру бойынша Ұлыбританияның тәжірибесі, цифрландыру мен үнемді өндірісті білім беру бағдарламаларына интеграциялау мүмкіндіктері қарастырылды.
Әдістемелік семинар аясында инновациялық білім беру бағдарламаларының контентін әзірлеу және талдау бойынша интерактивті және практикалық сессиялар да өткізу жоспарланған.

Жарияланды: