Павлодар өңіріне жұмыс сапар

Павлодар өңіріне жұмыс сапар

14 қыркүйекте Павлодар филиалына іс – сапармен «Семей медицина университеті» КеАҚ Басқарма Төрағасы – Ректор медицина ғылымдарының докторы, профессор А.А. Дюсупов және клиника және дипломнан кейінгі білім беру жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары Д. Берікұлы келді.
Сапар барысында Университет басшылығы филиал қызметкерлерімен кездесу өткізді, сонымен қатар Павлодар қаласындағы университеттің жатақханасының жабдықталу деңгейімен, бірқатар клиникалық базалардың жұмысымен таныстып, Павлодар облысының негізгі клиникалық базаларының бас дәрігерлерімен кездесу өткізді.
Сондай-ақ жұмыс сапарының жалғасынд Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы А. К. Ситказиновпен бірлесіп Павлодар филиалының негізгі клиникалық базаларының директорларымен дөңгелек үстел өткізді, онда өзара іс-қимыл және ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Павлодар өңірі үшін медицина кадрларын даярлауды жақсарту мақсатында филиалды одан әрі дамыту және практикалық денсаулық сақтаумен ынтымақтастық мәселелері де қарастырылды.

Жарияланды: