Қала зейнеткерлерін “Күміс университет” жобасы аясында Семей медицина университетіндегі курстарға қатысуға шақырамыз

“Күміс университет” жобасының басты мақсаты – егде жастағы азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту, әлеуметтік белсенділігін арттыру, физикалық және психикалық денсаулығын нығайту.

Бүгінгі таңда университетте аталған жоба аясында қатысушылар үшін бірнеше бағыттар бойынша курстар қарастырылған:

“Денсаулық және қауіпсіздік” бағыты аясында университет оқытушылары егде азаматтарға салауатты өмір сүру салтын, дұрыс тамақтану және емдік дене шынықтыру негіздерін үйретеді. Сонымен қатар, созылмалы аурулары бар тұлғаларға медициналық қызметтер ұсынылады.

“Сандық сауаттылық” курсы барысында тыңдаушылар компьютер және смартфондармен жұмыс істеу, интернет желісіндегі қауіпсіздікті сақтауды үйренеді .

“Психологиялық денсаулық негіздері” бағыты бойынша университет психологтары балалармен, немерелермен тиімді қарым-қатынас құруды, жеке тұлға ретінде даму негіздерінен сабақ береді.

“Лингво” курсында тілдерді үйреніп, әлем мәдениетімен танысады.

Барлық курстар қатысушылар үшін тегін.

Толығырақ ақпарат алу үшін бағдарлама үйлестірушісіне хабарласуға болады.

Байланыс ақпараты:

үйлестіруші: Жайырбаева Жаңанұр Қамбаровна
WhatsApp: 8-747-780-01-86