Қазақтың рухани көсемі атанған Алаш ардақтысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына биыл 150 жыл толуына байланысты Семей медицина университетінің ЖББП кафедрасының доцент м.а., п.ғ.к., М.Д. Жорокпаева мен оқытушы Н.М. Абешова 1 курс студенттері арасында «Тіл ғұмыры – ұлт ғұмыры» атты іс-шара өткізді. Іс-шара бірнеше кезеңнен сайыс түрінде болды. Қатысушы студенттер тілге байланысты сұрақтарға жауап беріп, мақал-мәтелдер айтып, жұмбақтар жасырды.
Өзге тілді білсек те, ана тілімізді қастерлеп, құрметтей білуіміз керек. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!», – дегендей, өз тілімізді құрметтеп өсу біздің парызымыз.
ЖББП кафедрасының доцент м.а., п.ғ.к.,
М.Д. Жорокпаева, оқытушы Н.М. Абешова