Нефрология бойынша білім беру үрдіснде стандартталған пациентің рөлі

Нефрология бойынша білім беру үрдіснде стандартталған пациентің рөлі

Оқу процесі үнемі жетілдіруді талап етеді. Сондықтан мамандарды даярлаудағы қазіргі жағдай университетте оқыту тактикасын үнемі жандандыруды талап етеді. Медициналық университет түлегінің басты ерекшелігі-оның клиникалық ойлау қабілеті. Медицина университеті студенттерінің кәсіби даярлығының сапасы ЖОО – да оқыған барлық жылдар бойы алған білім санына ғана емес, сонымен қатар дәрігердің алдында тұрған көптеген диагностикалық, емдік және профилактикалық міндеттерді шешу үшін осы білімді қолдана алатындығына байланысты. Ең күрделі клиникалық жағдайдан өз бетінше шығу жолын таба білу, ең алдымен, ойлаудың даму деңгейімен, әсіресе  клиникалық ойдың дамуымен көрінеді.

4 курс студенттерінде клиникалық ойлауды қалыптастыру мақсатында “Нефрология” пәні бойынша практикалық сабақтарда “Несеп-жыныс жүйесі” модулінде  оқыту нысаны ретінде стандартталған пациенттер (СП) пайдаланылады.

СП пайдаланудың артықшылықтары: 

Ыңғайлыкез келген уақытта, кез келген жерде қол жетімді;

Сенімдіпациенттер (СП рөліндегі еріктілер) стандартталған және жаңғыртылатын болып табылады;

Сенімдішынайы пациенттермен салыстырмалы;

Бақылаушыоқытушылар оқыту мақсаттарымен сәйкестендіреді;

Реалистікмұғалімдер психоәлеуметтік мәселелерді клиникалық жағдайға біріктіреді;

Түзетустудент бірден кері реакция алады;

Практикалықстуденттер практикада коммуникативтік дағдыларды, физикалық тексеру әдістерін, зертханалық-аспаптық зерттеу әдістерін пысықтайды;

Қайталанатынстуденттер өздері жұмыс істеуге дайын емес клиникалық жағдайларды бірнеше рет қайталай алады;

Өлшенетінстуденттердің нәтижелерін салыстыруға, бақылау парақтарында көрсетуге болады;

Қауіпсізқолайсыздық, ыңғайсыздық туғызбайды және нақты науқастар үшін ықтимал зиян келтірмейді;

Тиімдіқысқа мерзімде тәжірибенің үздіксіз жинақталуын қамтамасыз етеді, медициналық жоғары оқу орындарының оқытушыларына жүктемені азайтады. 

Тәжірибелік сабақ доцент Әлібекова Р.І.-ның   4305 топ студенттерімен жүргізілді.  Рөлдік ойын білім алушылардың қатысуымен: СП, дәрігер және сарапшы ретінде, клиникалық кейс пен чек-парақтарды қолдана отырып жүргізілуі барлық топтың қызығушылығын және белсенді қатысуын арттыруға мүмкіндік берді, білім алушылардың құзыреттіліктері мен клиникалық ойлау дағдыларын жақсартады және пысықтайды, командада жұмыс істей алады. Сарапшылар, СП және оқытушыдан кері байланысты талқылай отырып өткізілген дебрифинг СП-мен жұмыс істеу ерекшеліктерін анықтады, онда студенттер келесі тармақтарды атап өтті:

  • алған білімдерін нақты пациенттерге қолдану мүмкіндігін
  • “стандартталған пациенттен” кері байланыс алу
  • сын тұрғысынан ойлауды дамытуға мүмкіндік беретін студент – сарапшыдан кері байланыс алу
  • оқытушыдан сындарлы кері байланыс алу
  • тоғыспалы кері байланыс білім алушының тәжірибелік дағдыларын шынайы бағалауға мүмкіндік бередіИменно в активной деятельности, направляемой преподавателем, студенты овладевают необходимыми для их профессиональной деятельности знаниями, умениями, навыками, развивают творческие способности, умение решать проблему самостоятельно. 

СП – клиникалық көрсетілімдерге, интерактивті семинарларға, физикалық тексеруге, пациенттердің зертханалық-аспаптық деректерін түсіндіруге арналған пайдалы құрал, сонымен қатар динамикалық білім беру ресурсын қамтамасыз етеді.

 

Ішкі аурулар және ревматология кафедрасы

15.09.2022

Жарияланды: