Университетіміздің докторанттары мен магистранттары үшін «Зияткерлік меншік және ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру» тақырыбында зияткерлік меншікті қорғау бойынша семинарлар сериясы өткізілді. Семинарда келесі сұрақтар қаралды:
- Патент құқығы және оның түрлері;
- Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік саласындағы заңнамасы;
- Нені патенттеуге болмайды?;
- Пайдалы модель;
- Өнертабыс;
- Авторлық құқық;
- Патентке құқық не береді?;
- Тіркеу тәртібі, неден бастау керек;
- Патенттеу, патентті жыл сайын ұстау қанша тұрады.
Семинар оффлайн және онлайн форматта өтті және қатысушыларға қорғау құжатын алуға өтінімдерді дайындауда консультациялық және әдістемелік көмек көрсетуге арналған.
Сондай-ақ кітапхананың ақпараттық-библиографиялық бөлімінің маманы аудиторияға ашық қолжетімді медицина бойынша электрондық ресурстарға және AccessMedicine https://accessmedicine.mhmedical.com/ тесттік қолжетімділігіне пайдалы сілтемелер берді.
Семинар жұмысына қатысқандар семинар жұмысының мазмұнды, практикалық пайдалылығы үшін алғыстарын білдірді.
Семинар форматы еркін форматта өтті, онда студенттер сұрақтар қойып, білімдерін кеңейтті, патент алуда нәтижесі бар тәжірибе алмасты.