Терапия кафедрасында Мемлекет басшысы тұғырнамасы жайлы іс-шара өткізілді

Терапия кафедрасында Мемлекет басшысы тұғырнамасы жайлы іс-шара өткізілді

2022 жылдың 14 қыркүйегінде Терапия кафедрасында Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың “Әділ мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам” атты сайлауалды тұғырнамасы жайлы іс-шара өткізілді. Іс-шараны терапия кафедрасының тәрбие жұмысы бойынша жауапты Г. С. Сарсебаева ұйымдастырды. Онлайн және оффлайн форматта Семей және Өскемен қалаларының клиникалық базаларында оқитын 1,2,3 курс резиденттері тыңдады.

Президенттің бастамасымен қолға алынған бағдарламалар мен мемлекетті одан әрі жаңғырту жөніндегі жаңа міндеттер талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында реформалардың нақты бағыттарын атап өтті.

Осылайша, Президент ауылдық елді-мекендерде денсаулық сақтауды жақсартуға бағытталған жобаның іске асырылатыны туралы хабарлады. “…Жоғары білім беру саласында жастардың белгілі бір мамандықтың барлық қыр-сырын түсінуге ұмтылуы өте маңызды, өйткені мамандардың еңбегі әрқашан жоғары бағаланады. Біздің мамандар тек Қазақстанда ғана емес, одан тыс жерлерде де бәсекеге қабілетті болуы тиіс” – деді.

Жарияланды: