Семейдегі Абай қорық-мұражайы Қазақстандағы ірі мәдени орталықтардың бірі. Бүгінгі таңда елімізде мұражай – ғылымның, білімінің, мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін ғылыми-танымдық бағытта қызмет атқаратын мекеме болып табылады. Абай өмірі мен шығармашылығына және оның ақындық-өнерін, сол замандағы тарих пен мәдениет құбылыстарын, заттық, құжаттық жәдігерлерді насихаттау мақсатында стоматологиялық факультеттің 404, 405 топ студенттері мен топ кураторы Калиханова К.Е 20.09.22 ж экскурсияға барды. Әрбір мұражай жәдігері – әлеуметтік, тарихи, ғылыми құндылығы еліміздің мәдени мұрасы болып табылады.
Мұражайдың өзі белгілі бір тарихи тұлғаның атымен аталып, бір бағытта жұмыс жасаса да әртүрлі тақырыптарды қамтитын залдары арқылы сан-салалы ілімнің негіздерін біріктіреді. Мұндағы «білім беру» ұғымы кең ауқымды, адамның интеллектісі мен ой-өрісін дамыту, оның жан дүниесі мен жеке қасиеттерін, қарым-қатынастарын дамыту.
Өткеніңді білмейінше, бүгінгі күннің мәнін және келешектің мақсатын түсіну мүмкін емес.[vc_row source=”media_library” image=”” img_size=”large” external_img_size=”” add_caption=”” alignment=”center” style=”” external_style=”” border_color=”grey” external_border_color=”grey” onclick=”link_image” img_link_target=”_self” image_hovers=”true” lazy_loading=”true” rel_no_follow=”” title=”” custom_src=”” caption=”” link=”” img_link_large=””][vc_column width=”1/2″][vc_single_image image=”116699″ img_size=”large” alignment=”center” onclick=”link_image” lazy_loading=”true”][/vc_column][vc_column width=”1/2″][vc_single_image image=”116700″ img_size=”large” alignment=”center” onclick=”link_image” lazy_loading=”true”][/vc_column][/vc_row]

