Әскери кафедрада ашық есік күні

Әскери кафедрада ашық есік күні

Әскери кафедрада 2022-23 оқу жылының қыркүйек айында курсанттарға әскери кафедра басшысы медицина қызметінің полковнигі Орынбасаров Шынғыс Оразмухаметовичтің басшылығымен және ұжымның қолдауымен «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.

Әскери дайындыққа жаңа қабылданған 3 курс курсанттары өздері білім алатын кафедраның оқу бөлмелерін, атап айтқанда, медициналық қызметті ұйымдастыру және тактикасы, әскери токсикология, радиобиология және медициналық қорғану, жалпыәскери дайындық, әскери гигиена және эскери эпидемиология оқу кабинеттерін  аралап, оқу үрдісіне қатысты әскери-медицина мүліктеріне қысқаша шолу жасады.

Оқытушылар мен студенттерге, бос уақыттарында сабаққа қажетті мәліметтер алуға, білімдерін жетілдіруге арналған, кафедра ұжымының  күшімен жасалған шағын кітапханада болып, әскери дайындық пәндері бойынша дайындалуға қажетті оқу құралдарымен танысып шықты.

Арнайы жабдықталған қару-жарақ бөлмесінде курсанттар оқу қаруларымен, мылтық, пистолеттермен танысып, айрықша әсер алды.

Оқытушылар мен қосалқы-оқу персоналдарының кабинеттерімен танысты.

Курсанттар әскери  дайындықтан өту бойынша қойылған сұрақтарына толығымен жауап алды.

 

Тәрбие ісіне жауапты
медицина қызметінің подполковнигі Н. Смаилов

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқушылар