Қала күніне орай балалар футбол турнирі тамашаланды

Қала күніне орай балалар футбол турнирі тамашаланды

18 қыркүйек күні Абай облысының құрылуы мен қала күніне және Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығына орай І-ші жыл сайынғы дәстүрлі балалар футбол турнирі болып өтті. Атаулы турнирді Семей медицина университетінің жалпы білім беру пәндер кафедрасы оқытушылары Айдос Сейпілұлы, Л.К. Садыкова, Н.Д. Аманбекова, С.К. Қазыбаевтың жетекшілігімен 1 және 2 курс студенттерімен бірге барып тамашалап, жасөспірімдерден құралған командаларға қолдау көрсетіп қайтты. Спорттық мерекеге қаланың футбол мектептерінің тәрбиеленушілері, сондай-ақ арнайы шақырылған жұлдызды қонақтар қатысты. Қонақтар мен қатысушылар үшін арнайы фотоаймақта естелік суретке түсіп қана қоймай, ең ерекше фотосурет үшін сыйлық та ұйымдастырылған екен. Қаламыздың әр аймағында өтіп жатқан мерекелік шалаларға қатыса отырып студенттеріміз рухани азық алып, бір сергіп қайтты.

Жалпы білім беру пәндер кафедрасының оқытушылары

Жарияланды:
Рубрикалар: Қоғамдық өмір