2022 жылғы 3 қыркүйек күні өткен қалалық сенбілікке қатысқан Семей медицина университеті жастары қатарында «Қыз Жібек» қыздар ұйымы мүшелері де «Таза қала – таза қоғам» атты акцияға қатысып, Бейбітшілік аралын қоқыстан тазартты. Өмір сүріп отырған ортамыз таза болса, көңіл қуанышына айналатыны сөзсіз. Осылайша ауызбіршілігі мол ұйым мүшелері туған жердің қоқыстан таза болуына өздерінің лайықты үлестерін қосып, жастарымызды өз туған жерінің экологиялық жағдайына немқұрайлы қарамай, үнемі белсенділік танытып, қаламыздың тазалығы мен көркіне үлес қосып жүруге үндеді!
«Қыз Жібек» қыздар ұйымының жетекшілері
Л.К. Садыкова, Айзада Сұлтанова