«Клиницисттер мектебінің» отырысы. Семей қ. Жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасы

«Клиницисттер мектебінің» отырысы. Семей қ. Жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасы

Оқу жылының басында «СМУ» КеАҚ Семей қаласының жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасында клиницисттер мектебі жұмысын қайта бастады. Оның аясында 2022 жылдың 19 қыркүйегінде кафедра меңгерушісі, профессор, м.ғ.д., Дюсупова Ажар Ахметқалиқызының жетекшілігімен және кафедра ассистенті, жоғары санатты дәрігер Терехова Татьяна Ивановна 714, 716 ЖТД интерндермен бірге «Ерте жастағы балаларды тамақтандырудың өзекті мәселелері» тақырыбында шара өткізілді.

Бұл тақырып кездейсоқ таңдалған жоқ, өйткені 7 курс ЖТД- интерндер емханаларға жиі барып, жүкті әйелдермен, жас аналармен тікелей жұмыс жасап, дені сау балалардың өсуі мен дамуына байланысты әртүрлі мәселелер бойынша кеңес береді, соның ішінде олардың денсаулығына үлкен көңіл бөледі. Ерте жастағы балаларды тамақтандыру мәселелері, ана сүтімен емізу – баланың толық дамуы мен өсуі үшін тамаша тамақтану болып табылады. Ол ана мен бала денсаулығына ерекше биологиялық және эмоционалдық әсер береді.

Клиницисттер мектебінің жұмысына 6-7 курс ЖТД-интерндері қатысты. Оқу базаларының шашыраңқы болуын ескере отырып, конференция форматы Zoom платформасында ұсынылды, бұл 6 және 7 курс интерндеріне клиницисттер мектебінің отырысына қатысуға мүмкіндік берді.

Кездесу соңында кері байланыс аясында сұрақтар қойылды, тақырыптың күрделі мәселелері бойынша түсініктемелер берілді.